пожарная безопасность, обучение в Актобе

«Білім – Қауіпсіздік» Оқу орталығы келесі қызмет түрлерін ұсынады:

Өндірістік қауіпсіздік курсы

Бұл оқу бағдарламасы Өндірістік қауіпсіздік саласы мамандарын дайындауды, қайта дайындау және біліктілігін арттыруды қамтиды. Өндірістік қауіпсіздік бойынша 10 және 40 сағаттық оқу курстары жұмысшылар, басшылар мен жауапты тұлғалар үшін және инженерлік-техникалық құрам үшін өткізіледі. Аталмыш оқу курсын оқып шыққан басшылар, мамандар мен жұмысшылар бектілген үлгідегі куәлік алады.


Қауіпсіздік пен Еңбекті қорғау курсы

Бағдарлама Қауіпсіздік пен Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды дайындауды, қайта дайындау және біліктілігін арттыруды қамтиды. Қауіпсіздік пен Еңбекті қорғау жөніндегі 10 сағаттық курстар жұмысшылар құрамы, басшылар мен жауапты тұлғалар үшін өткізіледі. Курс аяқталған соң Ақтөбе облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі Басқармасының мемлекеттік инспекторларының қатысуымен емтихан өткізіледі.  


Өрт қауіпсіздігі курсы (Өрт-техникалық минимумы)

Өрт қауіпсіздігі бойынша 7,10,12,14 және 24 сағаттық курстар жұмысшыларға, өрт қауіпсіздігі бойынша жауапты және өрт шығу қаупі жоғары өндірістері бар өндірістік нысандардың өртке қарсы нұсқамалықтарын өткізу үшін жауапты ұйымдардың басшыларына, өрт шығу қаупі жоғары жұмыстар жүргізетін қызметкерлерге, ұйымдардың күзетін қамтамасыз етумен айналысатын жұмысшыларға арналған. Курс соңынан шәкірттер емтихан тапсырады, оған Ақтөбе облысы Өртке қарсы қызметі департаментінің Бас маманы қатысады.  


«Күкіртті сутек» (H2S) курсы

Күкіртті мұнаймен жұмыс істеу барысындағы Қауіпсіздік техникасы бойынша 40 сағаттық курс мұнайгаз компанияларының мамандары мен жұмысшыларына арналған. «Күкіртті сутек» курсы бойынша емтиханы «ЭкоМұнайГаз» ЖШС-нің апатты-құтқару қызметі өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.  


«Ұңғыма бақылауы. Ұңғыманы газмұнайсу шыққан жағдайда басқару» курсы

40 сағаттық курс мамандарды «Ұңғыма бақылауы. Мұнай және газ ұңғымаларына жөндеу барысында жұмыс жүргізу құқығын ала отырып, ұңғыманы газмұнайсу шыққан жағдайда басқару» тақырыбы бойынша оқытуға арналған.

Оқу бағдарламасын «Білім – Қауіпсіздік» Оқу орталығының ұстаздары дайындады. Аталмыш курс бойынша шәкірттердің аттестациясын Оқу орталығының біліктілік комиссиясы өткізеді және оның қорытындысы бойынша шәкірттерге бекітілген үлгідегі куәлік табыс етіледі. 


«Жүк көтергіш крандарды қауіпсіз пайдаланудың және қондырғының ережесі (талабы)» курсы (жауапты тұлғалар мен жұмысшылар құрамы үшін)


«Қысыммен жұмыс істейтін түтіктер» курсы (жауапты тұлғалар мен жұмысшылар құрамы үшін)