Сіздің қызметкерлеріңізге өндірісте ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, мол тәжірибе жинақтаған жоғары білікті ұстаздарымыз білім береді.

Оқытушыларымыз – кәсіби мамандардан құралған ұжым. Олар ҚР ИИДМ Индустриалдық даму және өндірістік қауіпсіздік комитетінің тиісті департаментінде және де Ақтөбе облысы бойынша Еңбек инспекциясының Бас басқарамасында өз білімдерін тұрақты түрде тексертіп, Алматы мен Мәскеу қалаларындағы халықаралық оқу орталықтарында жүйелі түрде өз кәсіби біліктілігін шыңдап тұрады. 

2016 жылы біздің мамандарымыз «Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету» курсынан өтіп, арнайы сертификаттар алды. Оқытушыларымыз оқу курстарын өздері дайындап, оларды ұдайы жетілдіріп, заман талабына сай бейімдеп отырады.