2006 жылы негізі қаланған «Білім – Қауіпсіздік» Оқу орталығы бүгінгі күні түрлі қызметкерлер мен инженерлік-техникалық мамандарды оқыту, дайындау, қайта дайындау және біліктілігін арттырумен айналысатын Ақтөбе облысындағы жетекші компания болып табылады.

Іске қосылғаннан бері оқу орталығында Қазақстанның батыс өңірінде жұмыс істейтін мұнайгаз, тау-кен өндіруші, медициналық және энергетикалық компаниялардың 45 мыңнан астам қызметкері оқып, өз білімін шыңдады.    

Біздің оқу бағдарламаларымыз мамандарды дайындау және қайта дайындау жөніндегі мемлекеттік стандарттар мен үлгілік бағдарламалар негізінде әзірленген және құзыретті мемлекеттік мекемелермен келісілген.

Оқу орталығының бағдарламалары қауіпті өндірістік нысандардағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында жоғары деңгейлі дайындықты қамтамасыз етеді. Оқу бағдарламаларымыз өндірісте қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қарым-қатынасты реттеуге және қандай да бір ұйымның орын алған апаттарды оқшаулау мен олардың салдарын жоюға дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған.  

Біздің артықшылықтарымыз:

  • Әрбір клиентке жеке, жіті көңіл бөлеміз;
  • Жоғары сапалы білім береміз;
  • Өндірісте ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, мол тәжірибе жинақтаған жоғары білікті мамандарымыз бар;
  • Қолжетімді бағалар мен ыңғайлы жеңілдіктер жүйесін ұсынамыз.

Сізге ыңғайлы болуы үшін біз оқытудың екі түрін ұсынамыз: Оқу орталығының негізінде немесе біздің мамандар қызметкерлеріңізді сіздің өндірістік алаңға барып оқыта алады.