Оқу барысын тиімді әрі табысты ұйымдастыру үшін оқу орталығының заманауи оқу-тәсілдемелік және техникалық базасы бар.

Оқу орталығының аудиториялары барлық қажетті материалдармен, оқытулықтармен, көрнекі құралдармен, плакаттармен, оқу фильмдері мен бейнематериалдарды қарау үшін аудио және бейнеаппаратуралармен жабдықталған.

Мұнымен қатар, алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретуге арналған «Гоша» және «Максим 3» деп аталатын робот жаттығу құрылғылары бар. Оқу орталығының бөлмелері өрт қауіпсіздігінің міндетті ережелері мен тазалық-індет қызметтерінің барлық талаптарына сай келеді.  

Жұмысшылар мен ИТҚ құрамы жарық әрі кең оқу класстарында 25-30 адамнан отырып білім алып, біліктілігін қайта шыңдайды. Оқу курсы аяқталған соң шәкірттер Еңбек инспекциясы мен ТЖБ мемлекеттік инспекторларының қатысуымен аттестация тапсырады.  

«Гоша» робот-тренажері

«Гоша» робот жаттығу құрылғысы нағыз заманауи және сенімді тренажер болып табылады. Ол мынадай дағдыларды шыңдауға мүмкіндік береді:

  • жүректің жанама массажы
  • өкпенің жасанды желдетілуі
  • кардиальды соққының алдын алу
  • таңғыш қалақ, резеңке бұраулармен мен таңғыштар салуды, науқасты «Жедел жәрдем» дәрігерлері келгенге дейін жетуі қиын жерден тасымалдап әкелуді.  

Роботқа қосылған компьютер реанимациялық шаралардың дұрыс жүргізілуін қадағалап, тірілту барысында жіберілген барлық қателер туралы хабарлайды, ал реанимациялық шаралар дұрыс орындалған жағдайда жан кіре бастаған адамның реакциясын айнымай көрсетеді – күре тамырында ырғақ пайда болып, көздің қарашығы кішірейеді.

Барлық индикаторлар: жүректің жанама массажы, адамның тыныс алуы, қабыртқалар сынған жағдайда пайда болатын «аурудың» қызыл нүктелері – роботтың кеуде тұсында орналасқан. Осылай, роботтың денесі көлемді дисплей іспеттес. Бұл өз кезегінде жүрек-өкпе реанимациясының дағдыларына үйрету барысын шынайы етіп көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл жаттығу құрылғысының артықшылығы – реанимация дағдыларына үйрету үшін және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті барлық анатомиялық бағдарларға толық сәйкес келетіндігі.

«Максим 3» робот тренажері

Жүрек, өкпе және ми реанимациясының дағдыларын үйретуге арналған «Максим 3» жаттығу құрылғысы адамның бүтін бір моделі болып табылады және алғашқы медициналық көмек (дәрігерге дейінгі шұғыл көмек) көрсетуге үйретіп, дағдыларын шыңдауға мүмкіндік береді.

Жүрек, өкпе реанимациясы жүректің жанама массажын, жасанды дем беруді қамтиды және адамның тыныс алуы, жүрек соғысы тоқтап қалатын көптеген шұғыл жағдайларда қолданылады.  Уақытылы жүргізілген мұндай реанимация науқастың өмірін аман сақтап қалуға көмектеседі.

«Максим 3» жаттығу құрылғысы жүректің жанама массажы, өкпенің жасанды вентиляциясы, жүрек соғуының имитациясы, таңғыштар салу секілді шұғыл шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.